«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘДІЛЕТ ПЕН ГҮЛНҰР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

20-21 наурыз күндері Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Abai Open» республикалық турнирі өтті.
Осы турнирде Ақтөбе облысының намысын Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Әділет Алмат пен Гүлнұр Баханова қорғады.

Турнирдің қорытындысы бойынша Әділет Алмат 81 келі салмақта жеңімпаз атанды. 70 келіде сынға түскен Гүлнұр Баханова ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушылары Аслан Шайхин мен Гүлмира Сағи.

Ұқсас ақпараттар

2026 жылдан бастап зейнетақы өседі

admin_mugalzhar

Мың оқушы күй ойнаған домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енді

admin_mugalzhar

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar