«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЗДІҢ СПОРТШЫЛАР ЖАРАДЫ

Талдықорған облысында пара пауэрлифтингтен тірек қимылы аппараты және көру органдары зақымданған командалық және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен еді.
Аталған жарысқа ауданнан төрт спортшы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтатын болсақ, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Гүлім Құрманбаева 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі 1-ші орынды иеленіп, 102 келі зілтемірді көтеріп, рекорд жаңартты. Қатысушылардың бірі Милена Азикена шебер өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында 1-ші, әйелдер арасында 3-ші орын иеленді. Ол Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінде оқиды. Ал жасөспірімдер арасында өз мықтылығын көрсеткен Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің оқушысы Жасұлан Сайын жасөспірімдер арасындағы сында сүрінбей, 2-ші орынға табан тіреп, спорт шебері атанды. Додаға қатысқан тағы бір жас спортшы Максим Третиков 3-ші орын алып, жерлестерін қуантты. Болашақ чемпион Максим Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде оқиды.
Ауданның абыройын асқақтатқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сергей Ведюшкин жаттықтырады.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатынан кейінгі табысы белгілі болды

admin_mugalzhar

Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.