«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛДІ

2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Қандыағаш қаласына келді. Сапар аясында алдымен Олимпиада чемпионын аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қабылдады. Кездесуге Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

Кездесуде аудандағы су спортын дамыту бағытындағы жұмыстарды талқылады. Бұдан кейін Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Мұғалжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаңа бассейннің жұмысымен танысты.

Жас спортшылармен жүздесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Мұндай кездесулер жас спортшыларға үлкен шабыт беріп, оларды жаңа жетістіктерге жетелейді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНҒА ЖАҢА БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МӘЗІР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БОЛУЫ ШАРТ

admin_mugalzhar

АҚЫЛАЙЫМ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar