«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мопедтерді тіркеу 4 сәуірде аяқталады

Бүгінге дейін 18 мыңнан астам мопед тіркелген. Өткен жылы бұл санаттағы көлік құралдарының иелеріне 22 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілген.

Енді 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізу заң бұзушылық ретінде саналмақ. Демек, бұл көліктер ресми түрде механикалық көлік құралдары санатына енгізіледі. Мопедтерді тіркеумен қатар оны басқаратындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелген. Тек 16 жасқа толғандарға бұл қос дөңгелекті басқару құқығы беріледі.

Осы орайда ІІМ барлық азаматтар тіркеп үлгеруі үшін ХҚКО қызметінің жұмыс уақытын да ұзартуды өтінген көрінеді.

Ұқсас ақпараттар

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

admin_mugalzhar

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

admin_mugalzhar