«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақшалай сыйақы үшін қарулы қақтығыстарға қатысудың құқықтық салдары туралы

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ақшалай сыйақы үшін басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен келісімшартқа отыруды ұсынатын жарнамалар мен бейнероликтер шыға бастады.

Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа қайшы қатысқаны үшін (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай жеті жылдан бастап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. ІІМ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕБІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ЖЫРДАН ШАШУ ШАШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.