«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРҒА ЖАҢА ЖОБАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері ауданға ақпараттық сессия өткізіп, өз бизнесін дамытуға мүдделі 30-ға жуық кәсіпкерді жинады.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ы Ақтөбе облысы филиалының шағын бизнесті несиелеу орталығының бас менеджері Аяжан Оспанова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Ақтөбе облыстық филиалының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Нұрлан Қосаев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов қатысты.
Аталған кездесу аясында кәсіпкерлер үшін қолжетімді несиелеу туралы жобалар егжей-тегжейлі түсіндірілді.


Аяжан Оспанова қатысушыларға моноқалалардағы шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасына назар аудара отырып, несиелеу шарттарын ұсынды. Банк өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын кәсіпорындар үшін 1 миллиард теңге бөледі. Кәсіпкерлер жылдық 10% мөлшерлеме бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге 50 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Бұл қаражатты айналым қаражатын толтыру, инвестициялық мақсаттар немесе қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар ол әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.
Ал кәсіпкерлер пайыздық мөлшерлемелер, кепілмен қамтамасыз ету және несиелеуге жататын қызмет түрлері туралы белсенді сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

«МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРЫМ» ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

admin_mugalzhar

АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ — ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

admin_mugalzhar

АШЫҒЫН АЙТСАҚ АЩЫ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ ТАПШЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.