Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 сәуірде Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілді. Өтініштер www.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады.
Негізгі өзгерістер:
🔵Мүгедектігі бар талапкерлер үшін тестілеуге қатысу тәртібі жеңілдетілді;
🔵Халықаралық стандартталған тестілер (SAT, ACT, IB, A-Level) де қабылданады;
🔵Дәлелді себеппен тестке қатыспаған талапкерге сол кезең ішінде қосымша мүмкіндік беріледі (мысалы, денсаулық жағдайына, отбасындағы ауыр жағдайға, олимпиадаларға қатысуға байланысты);
🔵TOEFL, IELTS секілді халықаралық ағылшын тілі сертификаттары бар талапкерлер өз қалауы бойынша «Шетел тілі» пәнінен босатылады.
ҰБТ мерзімдері де өзгертілді:
🔵1 наурыз – 6 сәуір (бұрын – 1-31 наурыз)
🔵10 мамыр – 10 шілде (бұрын – 16 мамыр – 5 шілде)
Электрондық өтініш беру мерзімі:
🔵10 – 25 сәуір (2 рет тапсыруға болады)
🔵25 шілде – 5 тамыз