«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгерді

21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс уақытының жаңа режиміне көшеді: 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті.

Өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.

21 сәуірге дейін жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ға дейін.

Ұқсас ақпараттар

Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 138 мыңнан астам тапсырыс берді

admin_mugalzhar

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады

admin_mugalzhar

ЕМБІ: ЖОСПАРДА — 800 ТАЛ КӨШЕТІН ОТЫРҒЫЗУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.