17-19 сәуір аралығында Мұғалжар аудандық ауруханасында мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша көшпелі отырыс ұйымдастырылуда.
Бұл шара Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі тарапынан жұмыс кестесіне сәйкес өткізілуде. Көшпелі отырысқа осы бөлімнің басшысы А.Низамутдинова, бас маман К.Елеусізова және Р.Тажикенова қатысуда.
Олар аудан тұрғындарына мүгедектік пен оның дәрежесін белгілеу, сондай-ақ қажетті әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынуда.
Тұрғындарға қолжетімді, сапалы және жедел әлеуметтік-медициналық көмек көрсету мақсатындағы жиында медициналық-әлеуметтік мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, медициналық қызметтер де көрсетілуде.