«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРІКТІЛЕР ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілер арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Еріктілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өзара тығыз байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Қандыағаш қалалық №1,2,3,4,5 жалпы білім беретін орта мектептерінен, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінен және “Ізгі қала” еріктілерінен құралған командалар қатысты.
Жолдастық кездесу тартысты, әрі қызықты өтіп, жүлделі I орынға №2 орта мектебі, II орынға №4 орта мектебі, ал III орынға №3 мектеп-гимназиясы ие болды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар Алғыс хатпен, арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНЕ 3 ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ТУҒАН ЖЕРІМ ДЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

admin_mugalzhar