«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА КҮНІ -АУЫЛДА

Қайыңды ауылдық кітапханасында 23 сәуір — Ұлттық кітап күнінің онкүндінде 19 сәуір — Weekend.Book.Vibes шарасы аясында “Кітапханамен қызықты сәт» тақырыбында Libmob көңілді экшн тренинг, ойыны өтті.

Кітапханашы Қарлығаш Қонарбаева оқырмандарға Ұлттық кітап күнінің тарихын түсіндірді. Ал оқырмандар болса өздерінің соңғы оқыған кітаптары жайлы айтып, пікір алмасты. Шара барысында ойнатылған «Дейін-кейін» тренингі тақырыпты толықтай ашты. Сонымен бірге «Мен кіммін?», «Топтастыру», «Әдеби ойындары» да ойнатылды. Көңілді ойындарды ойнаған оқырмандарға кітапты сүюге, әдебиетті құрметтеуге бағытталған шара соңында жаңа әдебиеттер насихатталып, үйге оқуға берілді. Қызыққа толы ойындарды ойнаған оқырмандар шара соңында өз ойларын ізгі-тілектерін жаудыры, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының жұртшылығы Жаңа Конституция жобасын қолдады

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar