«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов және облыстық мәслихат депутаттары іссапармен Мұғалжар ауданына келді.
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және мәслихат депутаттары қатысты.
Жиын басында сөз алған Ербол Данағұлов партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалған Жұматай Бисеновті аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Жұматай Бисенов Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінен «құқықтану» мамандығын игеріп, алғашқы еңбек жолын Айшуақ совхозындағы құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары трактор бригадасының жұмысшысы, «Батысгаз» АҚ филиалы директорының орынбасары, Жем қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бөлімше басшысы, Қаракөл ауылдық округініңжәне Жем қаласының әкімі болып еңбек етті.
— Жұматай Убайдоллаұлы осы күнге дейін өзін ұйымдастыру қабілеті жоғары, білімді де білікті азамат ретінде көрсете білді. Мұғалжар ауданының тұрғылықты азаматы ретінде аудан көлеміндегі әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді жетік біледі. Ардагерлермен, жастармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс тәжірибесі бар. Әріптесіміздің жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, партия жұмысын одан әрі жандандыра түсетініне сенемін, — деді Ербол Данағұлов.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар, мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция, партиялық бақылау, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыру ісі назарға алынып, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және тағы да басқа партиялық жобаларды жүзеге асыру барысы айтылды.
Жиын соңында осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясыМұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған Роза Мүсенованы зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, аудандағы «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы қызметіне тағайындады.
Айта кету керек, өткен жылы «AMANAT» партиясы «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданға қарасты Талдысай ауылында 100 орындық орта және және Ембі қаласында 320 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды. Саға және Бұлақты ауылдарында 25 келушіге арналған медициналық пункттер, Бірлік ауылында 20 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілген еді.
Іссапар барасында мәжіліс депутаттары қала аумағындағы салынып жатқан білім ошақтарының құрылыстарымен танысты.

Ұқсас ақпараттар

Дубай Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫ – МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

МЕДИКИ, НА СТРАЖЕ ЗДОРОВЬЯ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.