«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Францияда қайта локдаун жарияланды

Коронавирус індеті кең етек жайған Францияда қайта локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасаған «Мұғалжар» газеті.

Елдің барлық аумағы бойынша енгізілген қатаң шектеу шаралары ертеңнен бастап желтоқсан айының біріне дейін өз күшінде. Бұл туралы президент Эмманюэль Макрон халыққа жолдаған телеүндеуінде жария етті. Жаңа талаптарға сәйкес енді тұрғындар тек жүгіруге, жұмыс пен мектепке, дүкен мен ауруханаға немесе мемлекеттік ұйымдарға ғана бару үшін сыртқа шыға алады. Оның өзінде арнайы рұқсат қағазы болуы тиіс. Балабақшалар мен мектептер жұмысын жалғастыра береді. Студенттер болса, сабағын онлайн форматта оқымақ. Ал, кафе, мейрамхана, мәдени және ойын-сауық мекемелер уақытша жабылатын болады. Айта кетейік, қазір Францияда бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 30 мыңнан асып отыр. Мамандар «бұл көрсеткіш 5 мыңға дейін азайғанда ғана қатаң шектеу шараларын жеңілдетуге болады» дейді. Эмманюэль Макрон, Франция президенті: — Еуропаның өзге елдеріндегі жағдай бізде де туындады. Францияда қауіпті вирус тез тарай бастады. Күн суыған соң да коронавирус үдеп келе жатқан болар. Жағдайдың ушыға түскеніне бәріміз де алаңдап отырмыз. Кей елдер бізден де қатаң шараларды қабылдаған екен. Індеттің екінші толқыны біріншісінен де қиын болуы ықтимал деген де болжам бар.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалаларын көрсететін туристік маршрут ашылды

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК

admin_mugalzhar

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.