Ембі қалалық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Отты жылдар шежіресі” атты тарихи сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ембі қалалық №7 жалпы білім беретін орта мектебінің 8–9 сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі қатысты.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, соғыс жылдарында қаза тапқан батырлардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Оқушыларды отансүйгіштікке, жауынгерлік ерлікке баулу, тарихи жадыны жаңғыртып, бейбітшіліктің құндылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада
кітапхана қызметкері Райхан Равкат жерлес майдангер, соғыс ардагері Жәміл Сүлейменовтің ерлікке толы өмір жолы жайлы баяндап, оқушыларға үлгі боларлық тағылымды естеліктермен бөлісті. Іс-шара барысында оқырмандар ІңкәрТемірбек, Нұршат Өтемісова және Айару Мақсатова халық қаһармандарына арнап дайындаған плакаттарын таныстырып, жауынгерлерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шараның қорытындысында Wordwall платформасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап беріліп, оқушылар белсенділік танытты. Сондай-ақ кітапхана қорындағы әдебиеттер негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.