«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлысты ұйыстырған Ұлттық құрылтай

Бурабайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысы өтті. Президентіміз Ұлттық құрылтай жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырғанын атап өтіп, қоғамдағы өзектідеген, атап айтқанда салық саясаты, уақыт белдеуі, ұрпақ тәрбиесі, еңбек нарығы, тағы басқа түрлі  мәселелерге назар аударды.

Ұлттық құрылтай алғаш рет Ұлытауда өтіп, жалпыхалықтық жаңғыруға бастау болғаны белгілі. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасқан Түркістан мен Атыраудағы басқосуларда жұртшылықты толғандырған ауқымды мәселелер талқыланды. Бүгін де Бурабай төріндегі алқалы жиында орамды ой-пікірлер бір арнада тоғысты.

Ұлттық құрылтайдың мен үшін ғана емес, саналы Қазақстан азаматы үшін мән-мағынасы терең. Өйткені өткен тарихи жолымызға қарасаңыз, ата-бабаларымыз Ұлттық құрылтай жариялап, төрт құбыласын түгендеп, ақыл-ойдың иелері басын қосып, небір келелі кеңестер, маңызды шешімдер осы Ұлттық құрылтайда қабылданған. Мемлекет басшысының құрылтайды өткізу бастамасы — бүгін шыға салған идея емес.

Жұмагүл Асабаева, Мұғалжар аудандық аналар кеңесінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ВЕЛОШАБАНДОЗ ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.