«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРЛЕР — ЖЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ, ЕЛДІҢ ТҰТҚАСЫ

7 мамыр күніне орай Мұғалжар тарихи-өлкетану музейінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараға Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Азамат Байдосов, Қарулы күштер ардагері Досым Әлжанов, кіші сержант Бекжан Нұржанов пен қатардағы жауынгер Базар Тілеухан, сондай-ақ «Асыл Дария» әжелер ансамблі мен мектеп оқушылары қатысты.
Мерекелік жиынды музей директоры Шамшат Әбдірзақ ашып, қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, шараның маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ жастарға Отанға деген құрмет пен патриотизмнің мәні туралы сөз сөйледі.
Шара барысында ардагерлер мен әскери қызметшілер өз қызмет жолдары мен әскердегі естеліктерімен бөлісіп, отансүйгіштік пен патриотизм туралы тағылымды әңгімелер айтты. Мектеп оқушылары патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, «Асыл Дария» әжелер ансамблі өнерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Шарада сонымен қатар №4 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Данияр Қожаниязов оқушылар арасында автомат қаруын шашып-жинау бойынша шағын сайыс өткізді. Сайысқа қатысқан оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп, көпшіліктің назарын аударды.
Шара соңында музей қызметкерлері естелік сыйлықтар табыстап, қонақтарды музей залдарына экскурсияға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

«АНА» деп ЖАЗДЫМ ЫЛҒИ СӨЗ БАСЫНА…

admin_mugalzhar

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 62 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОТБАСЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРДІ

admin_mugalzhar