«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН АРДАҚТЫ АТАМ

Атам Спан Сапин Ұлы Отан соғысына қатысып, бізге жарқын болашақ сыйлаған жанның бірі. Оның жасаған ерлігі ешқашан да ұмытылмайды.

Ол 1925 жылдың 21-ші қаңтар күні Темір ауданының Сағашилі елді мекенінде дүниеге келген. Ол 1944 жылы Темір аудандық әскери комиссариаттан, әскер қатарына шақырылған. Әкеміз 1944 жылы қаңтар айында 117 атқыштар девизиясына, 240 атқыштар полкіне шайқасқа алын-ған. Белоруссия, Люблин-Брест қалаларында шайқасқа қатысып, соңғы шайқаста аяғынан ауыр жарақат алып, елге оралған. Отан алдындағы ерлігі еленіп, «І дәрежелі Ұлы Отан соғыс» орденімен, «Ұлы Отан Соғысы ардагері» медальмен марапатталған.
Соғыс аяқталғаннан кейін қиындықтан қалжыраған елдің еңсесін көтеріп, тіршілікті тікейту үшін елеулі еңбек етіп, совхозда жұмысшы болып еңбек етті. Әжеміз Сағира Жалғасбайқызымен 1956 жылы отау құрып, 9 бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді.
Немересі Нұрсұлтан Үмбетқалиұлы

Ұқсас ақпараттар

«Көрші елдерге қатты тәуелдіміз». Сарапшы неге атом энергиясы керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

Пробация қызметкерлері ақтөбеліктің жаңа үйінің іргетасын құйып берді

admin_mugalzhar

ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.