«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«БАЛАҚАЙ» АНСАМБЛІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Ақтөбе облысында ерекше балалардың дарыны мен өнерін ұлықтайтын байқауда Мұғалжар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілерінен құралған “Балақай” ансамблі ХХ “Жұлдызай” балалар шығармашылығы республикалық байқауының облыстық кезеңінде 1-орынға ие болды.
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен байқаудың жеңімпаз ансамбль құрамында Мансур Досжан, Омар Әли Жангерей, Ринат Әділбеков, Амантай Нукусов, Жансұлу Серғали және Ләйлім Сәйдім сынды өнерлі балалар бар.
Ақтөбе қаласында өткен салтанатты марапаттау шарасында жеңімпаздарға І дәрежелі диплом мен медаль, сонымен қатар ансамбль мүшелеріне естелік сыйлықтар берілді.
“Балақай” ансамблінің шығармашылық жетістігіне зор үлес қосқан жетекшілері Гүлсана Алпысбаева мен Малика Төремұратова.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҒАБҰЛАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

admin_mugalzhar

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

admin_mugalzhar