«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Ақтөбе облысында оқушылар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жас құтқарушы» облыстық слеті сәтті өтті. Аталған шараға облыстың барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан құралған 14 команда қатысып, барлығы 112 оқушы өз өнерлері мен дағдыларын ортаға салды.
Жасөспірімдер арасында төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету, құтқару бағытындағы білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, сондай-ақ жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған сайыста Мұғалжар ауданының намысын бұл жолы №2 орта мектебінің 10-сынып оқушылары қорғады. Команданы Қайрат Әлібаев есімді жетекші мен Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Серік Ерекешов бастап апарды.
Жас ұрпақтың жауапкершілікке, жанқиярлыққа және батылдыққа шақырған сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Соның ішінде «Алғашқы көмек көрсету», «Кедергіні еңсеру және судағы құтқару жұмыстары» кезеңдерінен мұғалжарлық оқушылар 1-орын иеленді. Ал жалпы командалық есепте 3-орынға табан тіреп, аудан намысын абыроймен қорғап шықты.

Ұқсас ақпараттар

ПРОВЕРИЛИ РЕАЛИЗАЦИЮ ПРОЕКТОВ ИНВЕСТПРОГРАММЫ

admin_mugalzhar

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

admin_mugalzhar

Ораза қандай жағдайда бұзылады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.