«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ДА СӘНІ КЕТТІ

Қанша уақыттан бері жазылмаған заңдылық тәрізді санамызға сіңген соңғы қоңырау рәсімін биыл да 25 мамыр күнін сондай асыға күттім. Ол да бір мереке тәрізді өтіп, адамға жағымды әсер сыйлайтын, күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де біз үшін мереке күні еді. Таңертеңнен у-шу бала, баласын мектепке апара жатқан ата-аналар, құ-шақ толы гүл шоғы, сәні мен салтанаты жарасқан мектеп бітіруші түлектер… бәрі үйлесімділік символындай көрінетін.

Ал биылғы 25-мамыр әдеттегідей сабақ кестесіне кіріп, балаларымыз сабаққа барды. Олар да бұл күнді мереке күні тәрізді қабылдап үйренгендіктен, сабаққа баруға енжарлық танытқаны жасырын емес. Жә, 1 маусым – «Балаларды қорғау күні» мерекесімен оқу жылының аяқталуын қатар қойыпты. Онда да барлық сыныптарға емес, тек арнайы бітіруші түлектер ғана қатысатын болды. Басқа балалар да салтанатты шараға қатысып, мерекелік күйді сезініп, сынып сағаттарындағы соңғы қоңырауды өткізіп, сыныптастарымен, достарымен, апайларымен келесі оқу жылына дейін қоштасып, ыстық сезіммен кеткенді қалайды ғой.

Соңғы қоңырауға қатысып, марапатталғаннан кейін үйге келіп, отбасы ішінде шағын атап өтетін біздің уақыт – нағыз керемет кездер екені есіме түсіп отыр. Бір қуанышпен, бір қимастықпен алабұртқан сезім билейтін бұл күннің мәртебесі өз уақытымен болуы керек деп ойлаймын.

Одан бөлек мектеп бағдарламалары да қазір қиын-ақ. Оқушы былай тұрсын, ересек адамның өзін ойландырып қоятынын айтсаңшы! Біз оқыған парақтың, біз көрген естеліктің, біз жатқа айтқан жаттаудың қазіргі күні ізі өшіп бара жатқандай… Ол кезде алған білім де, тәрбие де бізді жерге қаратып жатқан жоқ қой. Қазақ әдебиетінде де бұрынғы ақын-жазушылар легі азайып, қазіргі соңғы буынды қосып жатыр екен. Қоссын, менің оған қарсылығым жоқ. Бірақ ұрпақ сол кезде ұлтты сақтап қалуға күрескен, еркін айта алмаған, жаза алмаған, «халық жауы» деген бүркеншек атақпен жүрген жандарды білуі, ұлықтауы керек. Оны біліп өскен ұрпақ жаман болмайды. Осы бізде өзгеріс енгізе бергенді қашан қояды екен?!

Айна ЖАНТЕСОВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы мектептерде 7 және 9 мамырға арналған жиын өтпейді

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ШАҒЫН ФУТБОЛ: АУЫСПАЛЫ КУБОК ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.