«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАРАЛДЫ

«Заң және тәртіп» акциясы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, қоғам өкілдері және «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, Алға және Мұғалжар аудандарында көшпелі кеңес өткізілді.

Іссапар барысында келесі проблемалық құрылыс нысандары қаралды:

Алға қаласындағы 5 қабатты, 60 пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің (1-корпус) құрылысы; Қандыағаш қаласының Самал шағынауданында 600 орындық орта мектептің құрылысы (жобалық-сметалық құжаттаманы түзету);
Ащысай ауылдық округінің Ащысай ауылында 60 орындық орта мектептің құрылысы.

Әрбір нысан бойынша проблемалық мәселелерді шешу жолдары анықталып, құрылыс жұмыстарын орындау кестелері пысықталды.

Мұндай көшпелі кеңестер облыстың басқа да аудандарында жалғасады. Олардың мақсаты – құрылыс нысандарын бақылау, уақытылы анықталған мәселелерді шешу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету.

Ұқсас ақпараттар

«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

admin_mugalzhar

Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе көлігімен тасымалдау ісін реттеуді тапсырды

admin_mugalzhar

Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны ұлғайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.