«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Ембі қалалық кітапханасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акция ұйымдастырып, челлендж түсірді.
Челлендж барысында кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жан-жақты насихаттап, ұлықтауға өз үлестерін қосты.
Бұл бастама еліміздің әр өңірінде қолдау тауып, түрлі форматта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ кітапханашылар қала тұрғындарына күнтізбе тарту етті. Осындай акциялар арқылы халық арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен таным артып, ұлттық бірлік пен рух нығая түсуде.

Ұқсас ақпараттар

Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды

admin_mugalzhar

ҚОҚЫС ТАСТАМАҢЫЗ! АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ!

admin_mugalzhar

Құқық қорғау саласына серпін береді

admin_mugalzhar