«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құралы – career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты.

Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті.

Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды портфолио қалыптастырылады. Қазіргі таңда платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді. Олар кандидаттарды өңірі, пәні, біліктілігі бойынша тиімді таңдай алады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен кіріктірілген, бұл – мәліметтердің дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
•жас педагог туралы толық электронды карта;
•директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы);
•смарт сүзгі: нақты пән, өңір және мамандығы бойынша іздеу;
•жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде есепке алу.

Ұқсас ақпараттар

Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

admin_mugalzhar

Полиция мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

Қазақстанда зейнетақы төлемдері артады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.