АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БЕРІЛЕТІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Комиссия отырысына 46 адам қатысып, өздерінің бизнес-жобаларын таныстырды. Бұл ретте комиссия мүшелері ұсынылған бизнес-жоспарды бағалап, бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігін қарап, жобаның қаржылық өміршеңдігін ескеріп, шешім шығаруға тырысты. Жобалар қатарында мал шаруашылығы, клинингтік компания ашу, кондитерлік өнімдер, құс шаруашылығы, кілем жуу секілді кәсіп түрлері бар. Орталық мамандары осы жылы қайтарымсыз грантты тек қана 23 адам алатынын жеткізді.
Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар адамдар, «қандас» қолданыстағы мәртебесі бар адамдар, қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, аз қамтылған отбасы мүшелері, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақысын алатын адамдар қатысады.
Еске сала кетейік, гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту. Грант көлемі 400 АЕК-ті, яғни, 1 572 800 теңгені құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.