«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Аудан аумағында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді. Мұғалжарлық белсенді жастар өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазартты.

Акцияның мақсаты — су айдындарының жағалауларын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды дәріптеу.

Акция аясында Ащысай ауылдық округінің волонтёрлары Сабындыкөл және Қарасу көлдерінің жағалау аймақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Облыста 2025 жылға дейін 60 миллион орман көшеті егіледі

admin_mugalzhar

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

admin_mugalzhar

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚАРАҚҰРТ! Ауданда алты адамды қарақұрт шақты

admin_mugalzhar