«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ИНВЕСТИЦИЯ — ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Биыл бес айда елімізде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 18,2%-ға өскен. Негізгі капиталға құйылған қаражаттың елеулі бөлігі жабдықтар сатып алу мен өнеркәсіптік нысандар салуға жұмсалуы – Қазақстан экономикасында технологиялық жаңғырту үдерісі жүріп жатқанын аңғартады. Бұл – өндірістік қуатты арттырып, еңбек өнімділігін көтеруге ықпал ететін маңызды фактор.

Мұндай инвестиция түрлері өңдеуші өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және энергетика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, импортты алмастыру мен экспортты ұлғайту саясатына серпін береді. Тиімді инвестиция тарту үшін алдағы уақытта нормативтік базаны тұрақты ұстап, инвестициялық климатты одан әрі жақсартуға басымдық беру қажет.

Жұлдыз Елубай, «Мұғалжар еріктілері» еріктілер тобының жетекшісі.

Ұқсас ақпараттар

Президент: Сырттағы ағайынның тарихи отанына оралғанын құптаймын

admin_mugalzhar

ЕКПЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar