«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласында ұйымдастырылған «Бірлік пен қолдау күні» атты ашық есік күніне келген «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Мухтарита Сағындықова мен Aqtobe облыстық телеарнасының шеф-редакторы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Бибігүл Биманованы қабылдады.

Қабылдау барысында аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығында өткізілетін іс-шараның аудан тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті.

Ашық есік күні аясында келушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары сынды өзекті мәселелер бойынша тегін заң консультациялары берілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Президент Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында цемент зауытының құрылысы 2025 жылы басталады

admin_mugalzhar

МАЖИЛИСМЕН СИМОНОВ ПОСЕТИЛ РАЙОН

admin_mugalzhar