«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Әкелер күні мерекесіне орай Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.
Спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен әкелерден жинақталған жарысқа 4 команда қатысты.
Жапыстың мақсаты — Әкелер күні мерекесін кеңінен насихаттау. Ата-аналар арасында тығыз байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту болып табылады.
Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командаларды мектеп директоры Талғат Жуманбетов кубокпен, медальдармен және дипломдармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

admin_mugalzhar

Ұлттық құрылтай: мәдениетке жаңа серпін

admin_mugalzhar

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.