«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен 2012-2014 ж.т.жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысының ардагері «Даңқ», «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерінің иегері Бисембі Нұрлыбаевты еске алуға арналған облыстық іріктеу турнирі өтуде.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, Бисембі Нұрлыбаевтың ұлы ауған соғысының ардагері Баймұрат Нұрлыбаев қатысып қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Турнирге Ақтөбе қаласынан, Әйтеке би, Байғанин, Темір, Мәртөк, Ойыл, Хромтау және Мұғалжар аудандарынан келген жас спортшылары қатысуда.

Екі күнге созылатын турнир барысында өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар ұйымдастырушылар тарапынан медальдармен, дипломмен және кубоктармен марапатталады.

Ұқсас ақпараттар

САДАҚА ЖАСАУ: ЫСЫРАП ПЕН ЫНСАП — ҚОҒАМ ДЕРТІ

admin_mugalzhar

Еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды – Тоқаев

admin_mugalzhar

ЖЕМ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar