«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Бас прокуратурасы Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады.

Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, аталған көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақстанды қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әрбір еуропалық мемлекетпен жеке екіжақты шарттар жасасу қажеттілігінен босатады.

Айта кету керек, Қазақстан осы Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қадамдар жасап келеді, алайда бұрынғы өтінімдер Еуропа Кеңесіне мүше кейбір мемлекеттердің қарсылықтарына байланысты үнемі қабылданбаған.

Мұндай шақыртуды алу Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады.

🌐 https://t.me/GenPr

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

SOS: ОБЫР ДЕРТІ ДЕНДЕП БАРАДЫ!

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.