«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жаңа сайланған аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов қатысты.

Отырыста аудандық кеңестің құрамы 70 пайызға жаңарды. Сондай-ақ 15 адамның тұрақты құрамы анықталды. Бұдан кейін кеңес төрағасы сайланды. Жаңа құрамдағы кеңес мүшелері арасынан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Нұрлан Сейткамалов сайланды.

Отырыс барысында өкілетті мерзімге жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді. Кеңес азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге өз ықпалын тигізіп, өзекті түйіткілдерді көтеруге мүмкіндік алады.

Ұқсас ақпараттар

Қайсар қыздың алғашқы жеңісі

admin_mugalzhar

Биыл интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды

admin_mugalzhar

Жұмыссыздық деңгейі — 4,8 пайыз

admin_mugalzhar