«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде полицейлер қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

Ақтөбеде полицейлер қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларына арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл мемориал – Отанға адал қызмет етіп, өмірін қиған полицейлердің ерлігі, батырлығы мен жанқиярлығын бейнелейді. Салтанатты шараға Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қаза тапқан қызметкерлердің жесірлері және жеке құрам қатысты. Шара барысында қатысушылар бір минут үнсіздікпен марқұмдарды еске алып, олардың ерлігі мен қызметке адалдығы үшін ризашылық білдірді. Қаза тапқан полицейлердің жұбайларына гүл шоқтары табыс етілді

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobede-politsejler-qaza-bolghan-ariptesterin-qurmetpen-eske-aldy/

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысының 2 000 ауыл оқушысы өз арманының жарыс жолына түседі! IQanat Олимпиадасы басталуда

admin_mugalzhar

Енді медициналық анықтамалар электронды нұсқада беріледі

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛУДЕ

admin_mugalzhar