«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ ӨТТІ

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Домбыра – қазақтың асыл қазынасы» атты тақырыптық кеш өтті. Ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттауға бағытталған шараға кітапхананың белсенді оқырмандары, өнерге жақын жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлттық мұрамыз саналатын домбыраның қадір-қасиетін, оның тарихы мен халқымыздың рухани өміріндегі орнын жас буынға таныту. Шара барысында А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің «Домбыра» ансамблі өнер көрсетіп, қазақтың күмбірлеген күйлерін тарту етті. Жас өнерпаздар Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет сынды дәулескер күйшілердің шығармаларын орындап, көрермендерді тәнті етті. Домбыраның үні кітапхана залын ерекше ұлттық реңге бөлеп, кешке рухани сипат берді.

Кештің қонағы А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра класының оқытушысы, тәжірибелі маман Эльмира Берденова болды. Ол оқырмандарға домбыраның шығу тарихы, құрылымы және күйлердің мазмұны жайында кеңінен әңгімелеп, ұлттық аспаптың тәрбиелік маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар балалармен еменжарқын сұхбат құрып, олардың ұлттық өнерге қызығушылығын оятуға тырысты.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ КУӘЛІК ПЕН ТӨСБЕЛГІ АЛДЫ

admin_mugalzhar

Балаларға арналған барлық мемлекеттік мекеме тексеріледі

admin_mugalzhar

35,6 тысяч рабочих мест создадут в этом году в рамках ДКЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.