«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қайта өңдеу, құрылыс және өндіру көлемі артты

Үкімет отырысында экономиканың негізгі секторларының экономикалық көрсеткіштері қаралды.

💬 Серік Жұманғариннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,5%-ға өскен. Аталған өсімге машина жасаудағы өндірісті 11,1%-ға, тамақ өнімдерін – 10%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін – 9,6%-ға, металл бұйымдарын – 14,6%-ға, құрылыс материалдарын – 8,6%-ға және химия өнеркәсібі өнімдерін – 7%-ға арттыру есебінен қол жеткізілді.

Жоғары өсу қарқынын тау-кен өнеркәсібі сақтап отыр (+8,4%). Бұл мұнай өндірудің 11,6%-ға және көмір өндірудің 11,7%-ға артуына байланысты. Сонымен қатар құрылыстың өсу қарқыны 18,4%-ға дейін жеделдеді. 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,6%-ға артық.

Ұқсас ақпараттар

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап автогаз бағасы қымбаттайды

admin_mugalzhar

МАҚСАТ – ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ

admin_mugalzhar

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.