«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС АСА ҚАЖЕТ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕ – МАҢЫЗДЫ

Жасұлан АҚМУРЗИН, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы:

Мен 1986 жылы әскери борышымды өтеп жүргенде Украина жерінде болып, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатыстым. Бұл әлем бойынша атом электр станцияларында болған үлкен жарылыстардың бірі болатын. Сол жерде жүріп, қолға ұстауға келмейтін жойқын апаттың зардабын жоюға, қоршаған ортаға тараған радиацияны залалсыздандыруға барынша күшжігерімізді салдық. Бұл апаттың ызғары әлі бүгінге дейін жаңғырып тұрғаны сөзсіз. Жарылыс салдарынан бүтіндей бір қала қаңырап бос қалды. Елімізде атом электр станциясының салынуына келетін болсам, Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдаймын. Референдумның да өтуін маңызды деп есептеймін. Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, әлеуетіміздің артуына үлкен аса қажет. Сол себепті ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді. Бұл жерде ескеретін бір жайт қауіпсіздік. АЭС құрылысы сапалы етіп салынып, тұрғындар үшін қауіпсіз болуы керек. Себебі Чернобыльдегі апат қайталанбауы қажет деп есептеймін. Дамыған елдердің технологиясын алып, барлық қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапалы етіп салынса дейміз.

Ұқсас ақпараттар

ТОҒЫЗ КЕЛІН ТҮСІРГЕН МӘРИЯ ӘЖЕ

admin_mugalzhar

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

admin_mugalzhar

Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге ​​қойылатын талаптар белгіленді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.