«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағаштық 55 отбасы баспаналы болды

Бүгін Мұғалжар ауданында жұмыс сапарымен болғаны Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспана кезегінде тұрған 55 тұрғынға пәтер кілтін табыстады.

Қаланың «Жастық» мөлтек ауданындағы ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұрған №18 көпқабатты тұрғын үйді жергілікті жеке кәсіпкер Бақытжан Қадыралин 2015 жылы қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алған болатын. 2663,8 шаршы метрлік көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын 2016 жылы аяқтады. Ал биылғы жылы аудан әкімдігі облыс басшысының қолдауымен мемлекеттік сатып алу заңының «тұрғын үй сатып алу» әдісімен коммуналдық меншікке алып, аудандық мемлекеттік тұрғын үй қорында баспана кезегінде тұрғандарға берді.

-Қандыағаш қаласында ұзақ жылдардан бері көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерген жоқ. Бұрын салынған тұрғын үйлердің өзі осы уақытқа дейін қаңырап бос тұрды. Олардың қатарында осы көпқабатты тұрғын үйде болды. Оны жөндеп қалыпқа келтіріп, халықтың игілігіне ұсынған жеке кәсіпкер Бақытжан Қадыралинге жергілікті тұрғындардың атынан алғыс айтамын. Жалпы алдағы уақытта 1300-ге жуық пәтер кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Тоғыз жолдың торабында тұрған Қандыағаш қаласы өңірдегі Ақтөбе қаласынан кейінгі үлкен қала. Сондықтан бұл қала соған лайықты болуы керек. Ол үшін әрине қаражат керек, уақыт қажет. Жалпы биылғы мақсатымыз – облыс бойынша ең кем дегенде 850 мың шаршы метр пәтер беру, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстаған облыс басшысы көпқабатты тұрғын үйдің ішін аралап, әр пәтердің көлемін қарады. Мұндағы 55 пәтердің 24-і бір бөлмелі, 24-і екі бөлмелі, 7-і үш бөлмелі. Көптен бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген жергілікті тұрғындар өңір басшысына алғыстарын жаудырды.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

УЧИТЕЛЯ ПОКОРИЛИ ЖЮРИ И ЗРИТЕЛЕЙ

admin_mugalzhar

Қайырымдылық – қайырлы іс

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.