«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3 елді мекенге ауызсу кіргізілді

«Нұрлы жол» бағдарламасымен ауданға қарасты 3 елді мекенге ауызсу кіргізілді. Енді аталған ауылдың тұрғындары су тасып әлек болмайтын болды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы биылғы жылы аудан бойынша 6 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен Мұғалжар, Ащысай, Алтынды ауылдарына, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Сағашилі, Бұлақты, Қаракөл ауылдарына ауызсу кіргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, Мұғалжар, Ащысай, Алтынды елді мекендеріне ауызсу толық кіргізілді. Ал Сағашилі, Бұлақты, Қаракөл елді мекендеріне келесі жылға жоспарланып отыр.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ОРИЕНТИР НА ПОДДЕРЖКУ БИЗНЕСА

admin_mugalzhar

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды

admin_mugalzhar

Қандыағашта жатақхана ашылды

admin_mugalzhar