«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі

КAZINFORM — Үкімет 2026 жылы елдегі инфляция деңгейі 10 пайыздан төмен болады деп болжап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

— Жыл соңына дейін біздің алдымызда нақты бағдарлар тұр. Олар: экономиканың өсуін 6%-дан кем емес деңгейде ұстау; инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. (Бұл ретте, 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады). Шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту; негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу; шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40% деңгейінде қамтамасыз ету, — деді вице-премьер.

Бұған дейінгі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің коммуналдық тарифтерді көтеру шарасын кейінге қалдыру туралы шешімін уақтылы әрі орынды қадам деп бағалайтынын жазған едік.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ — ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮШІ

admin_mugalzhar

Антониу Гутерриш Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.