«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты. Мұндай деректерді Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты.

Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі.

«Бұл көрсеткіштерге жаңа индустриялық жобалар елеулі үлес қосуда. Биыл іске қосылған кәсіпорындар толық қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жылына қосымша 2,3 трлн теңгеге өсуі мүмкін», — деп атап өтті вице-министр.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ: ШАЙҚАЛҒАН ШАҢЫРАҚ, БАҚЫТСЫЗ ӘЙЕЛ, ҚОРҒАНСЫЗ БАЛА

admin_mugalzhar

Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді

admin_mugalzhar

АУЫЗ СУ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar