«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛАДЫ

Бизнес идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы аудандық Мансап орталығының мамандары хабарлады.

Олардың берген мәліметіне сүйенсек, өтінім қабылдау 15-26 шілде аралығында business.enbek.kz порталында жүргізіледі. Бизнес идеяларға берілетін грант сомасы – 400 АЕК, яғни 1 476 800 теңге. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар адамдар, «қандас» қолданыстағы мәртебесі бар адамдар, қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, аз қамтылған отбасы мүшелері, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақысын алатын адамдар қатысады.

-Үміткерлердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы керек. Порталда грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өткізіп, бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек, — деді Мансап орталығының директоры Руслан Бисенбин.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қайтарымсыз грант беру үшін комиссия отырысы өткен болатын. Аталған комиссия отырысына 74 адам қатысып, өздерінің бизнес-жобаларын қорғады. Нәтижесінде ішінен 21 адамға қайтарымсыз грант бөлінді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

«ЖҰРЫН-ҚАРАКӨЛ» ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

В РЕЖИМЕ ОНЛАЙН

admin_mugalzhar

2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.