«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНҒА ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Мұғалжар ауданына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Шолпан Каринова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңестің өкілі Жанат Шамакова, Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Эльмира Тасанова, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмыс, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Бекжан Нұрмұханов, Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, бас инспектор Маржан Қорғанбаева, сондай-ақ Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева болды.

Отбасын қолдау орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтарының жұмыс тиімділігін бағалау, озық тәжірибелерді анықтау және желіні одан әрі дамытуға бағытталған шараларды айқындау мақсатында келген комиссия мүшелері Мұғалжар ауданындағы «Қамқор отбасын қолдау орталығына» барды. Делегацияны аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы-сы Кәмшат Құрманалина қарсы алды. Қонақтарға орталықтың жұмысын оның басшысы Салтанат Сұлтанова таныстырып, қызметкерлердің міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда, орталық басшысы штат санын көбейту, қызметкерлердің жалақысын көтеру және көлік мәселесін шешу жөнінде ұсыныс білдірді. Ал аудан әкімі Дархан Ермағанбетов орталық құрамына теолог мамандарды тарту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, орталыққа әртүрлі тағдыр иелері жүгінетіндіктен, мұндай мамандардың көмегі аса қажет. Сонымен қатар жиында FSM Social платформасының аудан аумағында жүргізілу барысы да сөз болды. Өз кезегінде Ұлттық комиссия мүшесі Шолпан Каринова айтылған ұсыныстарды құзырлы органдарға жеткізетінін және олардың шешімін табуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

В Казахстане впервые вручили педагогам госнаграду «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

admin_mugalzhar

Демалыс күндері қар жауады

admin_mugalzhar

Объем выдачи ипотечных кредитов в Казахстане растет

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.