«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Мұғалжар ауданы прокуратурасының бастамасымен Мұғалжар ауданы прокуратурасының прокуроры Сұлтан Молбаев, Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров Ащысай ауылдық округіне қарасты Ащысай, Сабындыкөл, Ақсу ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан прокуратурасының прокуроры Сұлтан Молбаев қазіргі таңда өзекті болып отырған интернет алаяқтық, азаматтардың құқықтық мәселелері жөнінде және прокуратура органдарының атқарып жатқан жұмыстары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығының алдын алу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері де талқыланды.

Кездесулерде ауыл тұрғындарының әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жол жөндеу, интернет байланысы және денсаулық сақтау салаларына қатысты талап-тілектері мұқият тыңдалып, құқықтық түсіндірме берілді.

Сонымен қатар Мұғалжар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық тексеру жүргізіп, кәсіби кеңестер берді.

Кездесулер соңында Сұлтан Алтынбекұлы ауыл тұрғындарының мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына заңнама шеңберінде жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

admin_mugalzhar

35,6 тысяч рабочих мест создадут в этом году в рамках ДКЗ

admin_mugalzhar

ҚАРАКӨЛ: ГАЗ БЕРІЛІП, ЖАҢА ЖОСПАРЛАР ЖАСАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.