«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“КРОСС ПЛОГГИНГ-2025”: ТАЗАЛЫҚ ПЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін аудан орталығында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Кросс плоггинг-2025” атты экологиялық жарыс өтті. Аталған шараға 12 команда қатысты. Олардың қатарында аудандық аурухана, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі, аудандық кітапхана, дін орталығы, “Күншуақ” балабақшасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен “Қамқор” орталығы, “Ізгі қала” жастары, кәсіпкерлік бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қандыағаш қалалық №4 мектеп ұжымы, Белсенді өмір орталығы және Мұғалжар еріктілері болды.


Жастарды еңбекке баулу, ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға тарту мақсатында ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
-“Таза Қазақстан” акциясы аясында өткізіліп отырған бұл шара – жастарымыздың белсенділігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін күшейтеді. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ парызымыз. Бүгінгі жарыс арқылы жас буынға үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттап отырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы.


Жарысқа қатысқан әр командада 5-7 адамнан болды. Ұйымдастырушылар әр топқа 5 қапшықтан таратты. Қатысушылар Алпамыс саябағынан бастап, Amanat партиясы ғимаратына дейін жүгіріп барып, қайта саябаққа дейінгі аралықта қоқыс жинап қайтты. Мәреге толық құрамда жеткен командалар ғана жүлдеге ие болды.


Нәтижесінде, бірінші орынды “Күншуақ» балабақшасының ұжымы, екінші орынды “Ізгі қала” еріктілері, ал үшінші орынды Дін орталығының жастары қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

САРЫП: АДАМҒА ДА МАЛҒА ДА – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жастарға 1 млн теңгеден беріледі

admin_mugalzhar

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.