«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТУҒАН КҮН — МЕЙРАМ КҮН

Менің нағашы әжемнің жасы жетпіске жақындады. Көненің көзін көрген, бұрын совхозда көп жыл еңбек еткен, қазір зейнетке шығып, немере сүйіп, ақылшы, үйдің берекесін келтіріп отырған әжеміздің есімі — Жеміс. Әжемнің үш перзенті, үш немересі бар. Бір қызығы, балалары мен немере, тіпті келінінің туған күндерінің мейрам күндермен тұспа-тұс келуі. Үлкен қызының туған күні — 30-шы тамыз — Қазақстан Республикасының Конституция күні. Содан кейінгі ұлының туған күні 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне тұспа-тұс келеді.
Ал кенже қызының туған күні Ұлыстың ұлы күні 22-ші наурызда. Міне қызық, тіпті немерелерінің туған күні де мейрамда екен. Сүлеймен атты үлкен немересі 1-ші маусым — Балаларды қорғау күні дүниеге келсе, егіз екі қыз немересінің туған күндері 14 наурыз — қазақтың байырғы мейрамының бірі Көрісу күнімен бірдей. Осы балалардың анасы, яғни менің жеңгем, әжемнің келіні 6 қазан — Мұғалімдер күнінде дүниеге келіпті. Өзі де осы салада жұмыс жасайды. Ал енді әжемнің өз туған күніне келетін болсақ, Жеміс әжеміздің туған күні 20 ақпан екен.
Бұл дүниежүзі елдері тойлайтын мейрам — Дүнежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні екен. Туыс-тумамның туған күндерін саралаған себебім, осындай қызықты мәліметпен бөліскім келгені. Бір үйде осынша туған күндері мерекелермен бірге тойлайтын отбасылар көп емес болар, сірә. Ал біздің үйде осылай әр мерекені екі еселеп атап өтетініміз бар.
Инаят ИСАТАЙ

Ұқсас ақпараттар

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

admin_mugalzhar

САҒАДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

admin_mugalzhar

«ҚАНДЫАҒАШ» КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.