—Менің заң саласында еңбек етіп келе жатқаныма биыл жыл болады. Осы жылдар аралығында еліміз тәуелсіздігін алып, көптеген өзгерістер орын алды. Сондай-ақ Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына және оның бірнеше мәрте өзгергеніне куә болдық. Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық, демократиялық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, қоғамның идеологиялық және саяси әр алуандағы, экономикалық қатынастардың орнығуы әлемдік талаптарға сәйкестендірілген.
Мен заңгер болғаннан кейін күн сайын түрлі мәселемен бетпе-бет келемін. Менің алдыма келіп, кеңес сұрайтындардың ішінде өз құқығын білмейтін жандардың қатары көп. Сол себепті мектеп жасындағы балалардан бастап, құқықтық сауаттылықты арттыру қажет деп есептеймін. Кеңес сұраушылардың көпшілігі — отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болғандар мен мұрагерлікті бөлісе алмағандар, алаяқтардың құрбаны болғандар. Айталық, отбасылық зорлық-зомбылық, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша біршама заңда өзгерістер енгізілді. Мұндай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды.
Айталық, отбасылық – тұрмыстық қатынастарда ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана зиян келтіруді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Себебі әйелге жасалынған зорлық-зомбылық әр кезде балаға да әсерін береді. Бұрын адамды азаптау үшін жауапкершілікке тарту үшін ұрып-соғу мен басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін дәлелдеу қажет болу керек еді, енді жәбірленуші азаптау мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорқытумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті анықтайтын нормалар енгізілді.
Қылмыстың алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасын қолдау орталықтарын құруға бағытталған отбасы мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы жұмыс істеуде.
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бақытталған заңнамалар енгізілді. Қабылданған жаңа нормаларда педофильдер мен балаларды өлтіру фактісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ауыр жаза және мектептердегі қорлаумен күресуге бағытталған нормалар қарастырылуда. Осылайша кәмелетке толмағанды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) үшін әкімшілік алғаш рет енгізілді.
Осылайша адамдар арасында құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасады деп ойлаймын. Заң ең алдымен қылмыстың алдын алуға және азаматтардың құқықтарының әділдігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған деп ойлаймын.