«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында елде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес “Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы өтуде.
Мұғалжар ауданында да бұл бастама өз жалғасын табуда. Бүгін аудандық полиция бөлімі мен “Қамқор” отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласындағы “Модный дом” сауда үйі мен “Дина” супермаркетінде тұрғындармен кездесу өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, оны болдырмаудың жолдары және көмек көрсету тетіктері түсіндірілді.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы сыйластық пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында болған шара барысында мамандар келушілерге ақпараттық парақшалар таратып, жеке қабылдау жүргізді. Сондай-ақ отбасы ішіндегі өзара сыйластықты сақтау, кикілжіңдерді шешудің мәдени жолдары жөнінде кеңестер берілді.
Акция аясындағы жұмыстар алдағы күндері де жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық банктердің табысы бір айда 1,1 трлн теңгеге өсті

admin_mugalzhar

АЭС құрылысы туралы сұрақтар мен жауаптар

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar