«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛДЕНЕҢ ТЕМІР АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Көлденең Темір ауылында жалғасты.

30 үйі 69 тұрғыны бар Көлденең Темір ауылына КБМ кешенді блок модулді ауыз су ұңғымасын (скважина) орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Осыған орай, «Коммуналшы» мекемесі ұңғыманы қазу жұмыстарын жүргізіп, белгіленген мердігер тиісті құрал жабдықтарын орнатады.

Сонымен қатар Көлденең Темір ауылының көшесін жарықтандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Үстіміздегі жылдың шілде айында түнгі жарық шамдарды орнату жұмыстары атқарылады.

Тұрғындармен кездесу барысында ауылдық округтің қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Дүзбаев жайылымдық жер және шабындық шөп мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары Қандыағаш-Ембі жолының жөнделуін сұрады. Аудан әкімі қазіргі таңда Қандыағаш-Ембі жолының 44 шақырымын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама (15,4млрд тг) дайындалып, республикалық деңгейде қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатқандығын мәлімдеді.

Кездесуден шыққан соң аудан басшысы ақпан айында мал ұстайтын базасы өртеніп, ірі қара малынан айырылып қалған ауыл маңындағы «Шоман» шаруа қожалығына барып, шаруашылық иесімен кездесті. Бұл жерде шаруа қожалығының ірі-қара ұстайтын базасын қалпына келтіру мәселесі, болашақта мал бордақылау алаңы мен мал сою цехын ашу жоспары талқыланды. Кездесу барысында шаруашылық иесі су құдығын қазып беруге өтінішін айтты. Аудан әкімі бұл жұмыстардың барлығына арнайы мемлекеттік бағдарламар арқылы қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Названа страна, которая может первой победить COVID-19

admin_mugalzhar

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ: МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының автожолдарында 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.