«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Футболды дамыту — басты назарда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздегі футболдың дамуы мен спорт инфрақұрылымын жақсарту туралы пікір білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы клубтық футболды коммерцияландыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, облыстық бюджеттерге тәуелді клубтар өздігінен табыс табуды үйренуі керек.

«Клубтар тек облыстық бюджетке қарап отырмауы керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде футбол – бұл табыс әкелетін сала. Біз де осы бағытқа бет бұруымыз керек», – деді Президент.

Футбол әлемдегі бірінші спорт түрі саналғандықтан бүгінгі таңда спорттың осы түрін Мұғалжар ауданында дамытуды қолға алып отырмын. Болашақта Қандыағаш қаласынан заманауи үлгідегі футбол алаңы салынатын болады. Бұл дегеніміз қандыағаштық жасөспірімдердің футболмен шұғылданып, кәсіби футболшы болып, кәсіби футбол клубтарында ойнауға жол ашатын үлкен мүмкіндік болатыны сөзсіз.

Дастан Мырзин, «SD Family» футбол клубының Ақтөбе облысы аймағының директоры.

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ: 39854 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ САЙЛАУШЫ ТІРКЕЛДІ

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Казахстанцы с 2021 года смогут снимать пенсионные накопления

admin_mugalzhar