«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

QAZAQGAZAIMAQ: ҚҰРЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

Отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында QazaqGazAimaq компаниясы газ есептегіш құрылғыларының көрсеткіштерін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы автоматты түрде жіберуге арналған мобильді қосымшаны пилоттық режимде енгізді.

Енді тұрғындар газ есептегіш құрылғының көрсеткіштерін арнайы мобилді қосымша арқылы фотоға түсіріп, QR код арқылы мәліметтерді енгізе алады. «QazaqGazAimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Мұғалжар газ шаруашылығы мамандарының мәліметінше, бұл сервис операторларға түсетін жүктемені азайтып, есеп айырысудың ашықтығын арттыруға және халық арасында газды ұқыпты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қосымшаның жұмыс істеу қағидасы қарапайым: тұтынушы есептегіштің фотосуретін түсіреді, ал жасанды интеллект негізіндегі жүйе мәліметтерді автоматты түрде таниды және өңдейді. Бұл бақылаушының келу қажеттілігін жояды, шоттардың жасалуын жеделдетеді және қателерді барынша азайтады. Тұтынушылар төлем тарихын көру, есептегіштерді тексеру мерзімдері туралы ескертулер мен газ желілеріндегі жоспарлы жұмыстар туралы хабарламалар алу мүмкіндігіне ие болады, — деді Мұғалжар газ шаруашылығы директоры Марат Масақов.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

admin_mugalzhar

#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

admin_mugalzhar

Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.