«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жолдау жүктеген міндет көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Жолдауда көтерілген әрбір мәселе – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, білім беру саласындағы сапаны арттыруды, адам капиталына инвестиция салуды көздейтін қуантады.

Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру саласына ерекше назар аударылғаны біз үшін өте маңызды. Президентіміздің балабақшалардағы білім беру сапасын жақсарту, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру керектігі жөніндегі тапсырмалары – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл – болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына берілетін жол.

Баланың алғашқы тәрбиесі мен білімі балабақшадан басталады. Сондықтан, Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, біз өз жұмысымызда сапа мен нәтижеге мән беруге тиіспіз. Балабақша ұжымымен бірге жаңаша көзқараспен жұмыс істеп, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы Елбасы саясатын қолдаймыз және іске асырамыз.

Президентіміздің Жолдауы – бізге жаңа серпін беріп, болашаққа деген сенімімізді нығайтады. Балалар – еліміздің ертеңі. Сондықтан, біз оларға сапалы тәрбие мен білім беруге бар күш-жігерімізді саламыз.

Күлмайра Медеуова, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі.

Ұқсас ақпараттар

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

Нұрбол ИБРАЕВ: ЭСТРАДА САХНАСЫНДА ӨЗІМ ЖҮРМЕСЕМ ДЕ, ӨЛЕҢДЕРІМ ЖҮР

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ «ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ — 2022» АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.